Damumed қосымшасына тіркелу үшін:

✅ «Кіру» батырмасын басыңыз;
✅ «Тіркелу» батырмасын басыңыз;
✅ Қажетті өрістерді толтырыңыз;
✅ Кодты сұрап, оны енгізіңіз;
✅ Тілді таңдап, «Тіркелу» батырмасын шертіңіз.
Бастапқы тіркелуді аяқтағаннан кейін сізге қосымшаның кейбір мүмкіндіктері ғана қолжетімді болады.
Барлық функционалдылықты пайдалану үшін профильді растау қажет. Алгоритм келесідей:
✔️ Аккаунтқа өзіңіздің логиніңіз бен құпиясөз арқылы кіріңіз;
✔️ «Басқа» бөлімін ашыңыз;
✔️ «Профиль» түймесін және экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы тегершік белгішесін түртіңіз;
✔ «Профильді растау» опциясын таңдаңыз.
Егер профиль расталмаса, не істеу керектігін бейне нұсқаулықтан қараңыз.