“Ментальді денсаулық және COVID-19” психикалық денсаулық қызметі мамандарының ІІ съезі.

“Ментальді денсаулық және COVID-19” психикалық денсаулық қызметі мамандарының ІІ съезі.


  2021жылдың 13-17 қазанында, Алматы қаласында “Ментальді денсаулық және COVID-19” тақырыбында, психикалық денсаулық қызметі мамандарының ІІ съезі болып өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Болгария, Польша және Литва елдерінің психиатрия және психология саласындағы үздік мамандары қатысып, тәжірибе бөлісті.

 

 

 

 

Съезд жұмысына Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының    директоры Е.Кдрсихов, психиатр мамандар Б.Алиев және Е.Төремуратовтар қатысты.

  Съезд мақсаты COVID-19 пандемиясы кезеңінде психикалық денсаулықты қорғау мәселелерін ілгерілету, ақпарат, тәжірибе алмасу, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, осы және онымен байланысты салаларда жұмыс істейтін мамандарды психикалық денсаулық саласындағы жетістіктер туралы таныстыру болып табылады.

  Съезд бағдарламасы Жалпы клиникалық психиатрияның әртүрлі аспектілерін ғана емес, сонымен қатар COVID – 19 пандемиясы кезінде психикалық денсаулықты сақтау саласындағы көптеген мәселелерді, сонымен қатар секцияларда жұмыс істеуді, тақырыптық пікірталастарды қамтыды.
«Психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығының» президенті Сағат Алтынбеков “Ментальді денсаулық және COVID-19” сьезі аясында өтіп жатқан “Ментальді денсаулық саласындағы жас ғалымдар мектебінің” ашылуында сөйлеген сөзінде атап өткендей, бұл бүкіл Қазақстан үшін бірегей оқиға.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іс-шараны ұйымдастырушылар:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы;
2. С.Д. Асфендияров атындағы Казақ ұлттық медициналық университеті;
3. Психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығы;
4. Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің В. М. Бехтерев атындағы Психиатрия және неврология Ұлттық медициналық зерттеу орталығы.

 

Сьезд барысындағы тағы бір жағымды жаңалық: «Психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығының» президенті Сағат Алтынбеков, осы қауымдастықтың Атырау облысы бойынша басшысы Нурмуханов Куаныш Кулбаевичті, Қазақстан Республикасының психикалық денсаулық қызметіне сіңірген көп жылғы жемісті еңбегі және психикалық денсаулық қызметінің дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін «Алғыс хатпен» марапаттады.