Мақалалар

«ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАРЛЫҒЫНА ҚОЛЖЕТІМДІ» ұранымен «ЕРТЕҢ СІЗ БАҚЫТТЫСЫЗ ЕГЕР ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ БҮГІН ОЙЛАСАҢЫЗ» атты 10-ы ҚАЗАН «ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ КҮНІ»-не арналған тақырып

     Психика– бұл адамның өз мінезі мен қызметінің тактикасын және  стратегиясын бағыттауы және анықтау, қоршаған әлемінің субьективті түрі мен өзінің (дүниетану) түрін құрау, қоршаған әлемін қабылдау мен бағалау түріндегі қасиеті боп саналады. Психикалық денсаулық  деген адамның өзіне қатысты болып жатқан бәрін адекватты (қалыпты) түрде қабылдап сәйкес әрекеттеу боп бағаланады. Адамның психикасының саулығының құрауы жанының комфортынан, позитивті күйінен, жақсы көңіл күйінен, стресстік жағдайларда дұрыс күресе біліп шығуынан, қарым қатынасқа қажеттілеуінен және өз-өзімен іске асыра білуінен құрылады.

       Негізгі әлемде және біздің Елде болып жатқан құбылмалды уақытта ең бірінші мақсатымыз психикалық денсаулығымызды қорғау мен сақтау. Өмірде кернеулі салауатсыз өмір сүруінің жиілеуі, стресттердің жиілеуі, аса жүктемелер, әр желілерден түсіпатқан негативтік хабарламаларымен ақпараттық құбылыстар және прессингілері психикалық бұзылыстарымен адамдардың сандары көбейуде. Сонымен қатар осы құбылыстарға, кернеулі жәйттарға қарамастан адамның жаны берік, өміршең, бәрінеде төзімді деп ойлаймыз. Бірақ адамның психикасы қандай нәзік екені, қалай оны өмір сапынан шайқалтып және оны қайтадан оңалтуы қиын екенін тек психиатр (психолог) мамандарына ғана айқын.

       Психикалық денсаулығы физикалық немесе денелік денсаулығынан бөлек деп санау өте қате шешім. Керсінше психикалық денсаулық адам ағзасынан бір бірімен тығыз байланысты бөлінбейтін саулық боп саналады. Егер біз басқада салмақты ауруларды шегеріп тастап қарапйым тұмаумен сырқаттанған кезінде адамның психикасына әсерін беріп адам мазаланбайма ?! Немесе керсінше егер адамның жаны сабыр таппаса ағзаның барлық функцияларына әсерін бермей мә, мысалы: ұйқысының бұзылуы, тәбетінің- тамақтануының қабылдауының бұзылуы, жыныстық функциясының бұзылуы, жүрегіне, асқазанына әсерлерінің беруі және т.б.

      Сіздің туылғаннан бастап сау потенциалын иесі болсаңызда уақыты келе, егер Сіз өз денсаулығыңызға дұрыс мән бермесеңіз (қоршаудың зиянды әсерлеріне белсенді араласуы, зиянды әдеттер, дұрыс емес, қате тамақтану т.б.) келе уақытымен денсаулық сырын бере бастайтыны анық. Соның өзіндеде адам денсаулығына дұрыс мән бере бермейді. Көбі соңында ғана жағдайы, күйі салмақанылғанда, мұлдем нашарлай бастағанда назар аудара бастайды. Егер уақытылы денсаулығын «жаман»-ға дейін жеткізбей уақытылы көңіл бөлсе ауыр жағдай, күй болмайды деп ойдамыз.

      Сонымен психикалық денсаулықтың бір қағидасы бар: жаның мен денеңді бірге қамқорлап күтін. Күнделеп немесе жиілеп БАҚ (бұқаралық ақпарат құраллдары)-нан түсіпатқан негативті ақпараттардан сақ болып қорғай біліңіздер. Күнделікті естіп және көргеніміздің өзі өз дақтарын қалдырады. Солардың бәрі өз деңгейінде паникалық шабуылдарға, жабысқақ ойларға, невроздарға, күйзелістер (депрессия)-ге апарады. Сіздерге әртүрлі желілерден (БАҚ, гаджет, интернет, теледидар т.б.) түсіпатқан негативке толы ақпараттарды қадағалай біліңіздер, мысалы сондай жағымсыз ақпарат тарау кезінде теледидарды, гаджеттерді, интернетті уақытша шектеу, өшіру немесе басқа желіге, бағдарламаларға көшіру-аудару т.б. Ең бастысы күнделікті өмір ағымдарыңызға қуаныш және позитивті сыйлай біліңіз, негедесе психикалық денсаулықтың сақталуына осы оңды, қуанышты, позитивті, көңілді күйлер жақсы әсерін береді. Сіздерге дұрыс тамақтану рационын таңдау, қадағалау, дене шынығумен айналысу, таза ауамен серуендеу (әрі кеткенде аптасына 1-2 реттен 15-20 минуттан көңіл бөлу) қиын ба?!, Немесе зиянды әдеттерден бас тарту немесе минимумге апару ?!, Ағзаңызды толық функцияландыру үшін дәрумендермен қуаттандыру қиыңға соға ма?!. Достар! БҮГІНГІГЕ ұзақ ғұмырлы және сапалы өмірге алғашқы қадамдарыңды басу ретінде психикалық денсаулыққа алдыналу оңмен басуларыңызға ынталарыңыз мол болсын! Негедесе психикалық денсаулыққа барлығы қолжетімді берілген және дұрыс орындалған. Аман болайық ДОСТАР!

Естеріңізде болсын: «ЕРТЕҢ СІЗ БАҚЫТТЫСЫЗ ЕГЕР ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ БҮГІН ОЙЛАСАҢЫЗ !»

«Атырау Облыстық Психикалық

Денсаулық Орталыңы» ШЖҚ КМК

психиаьриялық бөлімінің № 1-і

жалпы психиатриялық ерлер

бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты

психиатр дәрігері: Л.В.Самсонова.