Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының 2022 жылғы 28 наурыздағы №100 бұйрығымен құрылған мониторинг тобы, АОПДО келіп, мүмкіндігі шектеулі келушілерге жағдай жасаудың, медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігіне мониторинг жасап, одан әрі жақсартуға ұсынымдарын берді.

Елімізде мүмкіндігі шектеулі мүгедек азаматтардың  әлеуметтік қорғалуы, оларға тиісті дәрежеде  қолжетімді медициналық көмектің ұсынылуы мемлекеттің басты назарында. Осыған байланысты Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының 2022 жылғы 28 наурыздағы №100 бұйрығымен  құрылған   мониторинг тобы, құрамында Атырау облысы әкімдігінің мүгедектік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Есмағамбетова Ж.Ж, ҚР Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Казиева М.К, ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеттінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Амангалиева Д.Г,   Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Унашалиева А.К болып, облыстағы медицина ұйымдарында мүмкіндіктері  шектеулі келуші азаматтарға, науқастарға жағдай жасалуын және көмек көрсетілу деңгейін тексеру мақсатында, 12 сәуірде Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығына келіп, мүмкіндігі шектеулі келушілерге жағдай жасаудың, медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігіне мониторинг жасап, одан әрі жақсартуға ұсынымдарын  берді.