“Есірткіге тәуелділік, жас-жыныстық ерекшеліктері”

Бүгін 2022 жылдың 20 маусымында, «Нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес» күніне арналған айлық аясында, Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы, Атырау медициналық колледжінің студенттеріне арналған “Есірткіге тәуелділік, жас-жыныстық ерекшеліктері” тақырыбында оқу семинарын өткізді. Психиатр-нарколог дәрігер Самғат Кенжеғалиұлы Каюпов семинар барысында студенттерге нашақорлыққа тәуелділіктің дамуы, есірткінің түрлері туралы түсіндірді.
Есірткіге тәуелділікке тартылған адамдардың жыныстық, жас және физиологиялық ерекшеліктері мәселелеріне де тоқталды. Облыстық психикалық денсаулық орталығының мониторингтік ақпараттық талдау орталығының меңгерушісі Светлана Владимировна Страмоусова студенттерге Қазақстан Республикасында есірткіге тәуелділерге көрсетілетін медициналық көмектің түрлері туралы айтып берді. Психиатр-нарколог дәрігерлер студенттердің сұрақтарына жауап берді. Семинарға Атырау облысы ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің қызметкері Жанғалиева Марианна Қазбекқызы қатысып, халықты есірткіні қолданудан және таратудан бас тартуға ынталандыру туралы бейнеролик көрсетілді.