Бұл күн ата – бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған ұлы күннің мәртебесін алған тәуелсіз мемлекетіміздің мерекесі. Еліміз талай асқарлы асуларды бағындырды. Елімізді бүгінде татулығы мен бірлігі жарасқан ел ретінде таниды.
Бұл мерекеге орай, Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында өткізілген жиында мекеме директоры Елдос Ерсайынұлы Кдрсихов ұжымды шын жүректен құттықтап, еңбектеріне табыс, мықты денсаулық тіледі.
Денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін, Гулжан Тұрғанбайқызына Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы мен Гульфайруз Тұрарбекқызына Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатын табыстады.