Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы мәжіліс залында медицина қызметкерлерінің қатысуымен карантиндік инфекциялардың (оба, тырысқақ) эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, алдын алу шаралары туралы семинар және оқу-жаттығу сабағы өтті.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының, Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және «М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облыстық филиалының бірлескен бұйрықтарына сәйкес 2023 жылғы 3-ші ақпанда Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы мәжіліс залында медицина қызметкерлерінің қатысуымен карантиндік инфекциялардың (оба, тырысқақ) эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, алдын алу шаралары туралы семинар және оқу-жаттығу сабағы өтті.
Семинарды және оқу-жаттығу сабағын «М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантинді және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облыстық филиалы бөлім бастығы Амиржанов Е.А. жүргізді.