2023 жылдың 15 ақпанында «Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК мен Атырау облысы полиция департаменті қызметкерлерімен бірлескен дөңгелек үстел өткізілді.

Тақырыбы: «Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамдарды есепке алу, адамдардың мас күйін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу және Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жатқызу нормаларын қолдану кезінде жол берілетін кемшіліктерді талқылау»
Дөңгелек үстелге Атырау облысы Полиция департаментіне қарасты Жергілікті полиция қызметі және Есірткі бизнесіне қарсы іс қимыл басқармасының басшылары, Атырау қаласы полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлім басшылары, учаскелік полиция тобының аға инспекторлары, ювеналды полиция тобы инспекторлары, патрульдік полиция батальоны командирлері және рота командирлері, облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігерлері қатысты.
Жиынды кәсіпорын директоры Е.Е.Кдрсихов ашып, директор орынбасары Ж.К.Мухлисов, бөлімше меңгерушілері С.В.Страмоусова, М.В.Тен тақырыпқа байланысты өз баяндамаларын жасады.
Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер және олардың орындалысы бойынша туындайтын проблемалық мәселелер мен ұсыныстар, қойылған сұрақтар талқыланып, тиісті ұсыныстар мен түсініктемелер берілді.