2023жылғы 27 ақпанда Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы 13 ақпандағы №54 бұйрығына сәйкес Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында 2022 жылғы атқарылған жұмыстар және алдағы кезеңдегі міндеттер туралы қорытынды жиналыс өтті.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Қыдырсиқов Елдос Ерсайынұлы баяндама жасады.
Жиналысқа Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала жөніндегі орынбасары Садуова Жанар Жумажановна, басқарманың медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Айтқалиева Айжұлдыз, «Медикер Жайық» «QAMQOR2» ЖШС-ң директоры Даутова Элена Саурбаевна қатысты.
Жиналыс барысында Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының 2022 жылғы атқарылған жұмыстарының сандық және сапалық көрсеткіштері, бастапқы психикалық денсаулық орталықтары мен кабинеттерінің жұмыстары, халықтың психикалық денсаулығын жақсартудағы проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары, сондай– ақ 2023 жылға мақсаттар мен жоспарлар талқыланды.