2023 жылғы 14-ші наурызда Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында медицина қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-151 бұйрығымен бекітілген “Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидалары және медицина персоналының қолын гигиеналық өңдеу мәселелері туралы оқыту семинары өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша орталықтың дәрігер-эпидемиологы Е.И.Уайсов баяндады.