Анастасия Каменская Атырау қаласына іс – сапармен келіп, сапар барасында аймақтың Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатрия бөлімшелерін және Бастапқы псикикалық денсаулық орталықтарын аралады.

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми – практикалық орталығы аймақтық медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық – әдістемілік көмек көрсету жөніндегі іс –шаралар жоспарын іске асыру щеңберінде, сондай–ақ «2023 жылы денсаулық сақтау саласында үйлестіру мен әдістемелік басшылық көрсетудің кейбір мәселелері туралы» ҚР ДСМ-нің 13.02.2023-ғы №91 бұйрығы негізінде, Анастасия Каменская Атырау қаласына іс – сапармен келіп, сапар барасында аймақтың Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатрия бөлімшелерін және Бастапқы псикикалық денсаулық орталықтарын аралады.
Сапар мақсаты:
-өнір қызметінің жай-күйін мониторингілеу, бағалау және психикалық денсаулық сақтау қызметінің аймақтық медициналық ұйымдарының қызметін жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
-клиникалық күрделі пациенттермен одан әрі жұмыс жүргізу тактикасы бойынша ұсыныстарды бере отырып талдау.