2023 жылы 12 мамырда «Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының» мәжіліс залында мекеме директоры Елдос Ерсайынұлы Қыдырсиқов ұжым қызметкерлерін 12 мамыр – мейірбикелер күнімен шын жүрекпен құттықтап, отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілек білдіреді.Сонымен қатар мекеме орта буын медицина қызметкерлерін Ұлттық Медициналық Ассоциациянан Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сіңірген абыройлы еңбегі үшін медицина психологы Наушабаева Шамшия Хамиденовна «Мамандығына адалдығы үшін» төс белгісімен , Махаева Жанаргуль «Мейірім» төс белгілерімен марапатталды.
Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының мекеме директорының «Алғыс Хатымен» марапатталушылар:
1.Тлеубаева Толқын Қонақбаевна – Ерлер бөлімшесінің мейіргері.
2.Еңсанов Досболат Дюсенбаевич –Уытсыздандыру уақытша бейімдеу орталығының фельдшері.
3.Хамидуллаева Салтанат Алгатовна – Невроз бөлімшесінің мейіргері.
4.Шәріпова Рысгул Бейбітқызы әйелдер бөлімшесінің мейіргері.
5.Бигалиева Алтынай Изгалиевна – БПДО –ның мейіргері.
6.Сакауова Ботагөз Джумабаевна – Наркологиялық бөлімшесінің мейіргері.
7.Тулегенова Улмекен Орынбасаровна – Еріксіз емдеу бөлімшесінің мейіргері.