Жасөспірімдер суициді – балаларға оны болдырмауға қалай көмектесуге болады?

Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының негізгі себептері:
-жанұядағы, оқу орнындағы проблемалар мен келіспеушіліктер;
– жанұядағы, оқу орннындағы күш көрсетулер;
-бақытсыз махаббат;
-туыстары мен жақын адамдарынан айырылу.
Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау мүмкіндігін көрсететін белгілер:
-өзін ұстауының өзгеруі, оқшаулану;
-оқуындағы проблемалар, сабақ үлгерімінің төмендеуі, сабақта ұйықтау, эмоционалдық қылықтар;
-депрессия, тамақтануы мен ұйықтау уақытының өзгеруі, тынышсыздануы мен тығырыққа тірелу сезімдерінің күшейуі;
– кінәлілік сезім, қоғамдық өмірге қызығушылығының жоғалуы;
-«Өлгім келеді», «Маған тыныштық бер» деген ауызша сөздер;
-өлім тақырыбына артық қызығушылық таныту. Оккультвивизмге көңіл бөлу;
– бұның алдында өз-өзіне қол жұмсауға ұмтылуы;
-қатаң физикалық және психологиялық қылықтар;
-ішімдікті пайдалану;
-таныстары арасында бұрын өз-өзіне қол
жұмсаған адамның болуы.
Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауға дайындалуының белгілері:
-жұмыстарын, үй-жайларын ретке келтіру, жеке бағалы заттарын үлестіру;
– адамдармен бұрын әр кездерде көрсеткен жақсылықтары үшін ырзашылық білдіру түріндегі қоштасулар;
-өз-өзіне қол жұмсау туралы шешім қабылдағанына, оның жоспарын жасағанына байланысты сыртқы қанағаттанушылық көрінісі;
-хат, жазу, күнделік түріндегі жазбалар;
-үйден кетіп қалу;
-ұйқысыздық.
Жасөспірімге көмек көрсету үшін не істеу керек:
-оны тұлға ретінде қабылдаңыз;
-онымен қамқорлық қарым-қатынас орнатыңыз;
-дауласпаңыз;
-оның байыпты тыңдаушысы болыңыз;
-сұрақтар қойыңыз, оның өмірі және проблемалары туралы көбірек мағлұматтар алыңыз;
-негізсіз басу айтпаңыз («Бәрі жақсы болады», «бәрі өтеді»);
-проблемаларды шешу жолдары туралы конструктивті ұсыныстар беріңіз;
-баланың, жасөспірімнің ойларына, арманына, ұмтылысына сүйене отырып үміт отын беріңіз;
-өз-өзіне қол жұмсау қаупін бағалаңыз;
-өз-өзіне қол жұмсау қаупі жоғары болған кезде оны жалғыз қалдырмаңыз;
-мамандар көмегіне жүгініңіз.