Бүгін 15.07.2019ж.сағат 11:00 -13:00 арасында “Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы” ШЖК КМК наркологиялық базасының мәжіліс залында “Аман- Саулық” КК президенті Бақыт Ниязбекқызы Тауменовамен психикалық бұзылыстарымен шалдыққан науқастардың туыстарымен кездесу өтті. Бұл кездесуде Б.Н. Тауменова ханым өзінің науқастарды оңалту жобаларымен таныстырып, туыстарымен пікір бөлісті. Бұл мониторингілік сапар “АОПДО” ШЖК КМК директоры Қ.Қ. Нұрмұхановтың ұйымдастыруымен өтті. Кездесуге тағы бөлімше меңгерушілері С.В. Страмоусова жəне психиатриялық қызметі бойынша директор орынбасары қатысты.