Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні

2019 жылғы 10-шы қазанда Дүниежүзілік психикалық денсаулық күнін атап өту шеңберінде Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы базасында «Ашық есік күні» өткізілді.
Осы күні ересектер мен балалар үшін психикалық денсаулықтың бұзылуы мәселесі бойынша кеңестер берілді. Дәрігер психиатр-наркологтардың кеңесін 58 пациент, олардың ішінде 14 жасқа дейінгі 15 бала алды.
Жанұясында психикалық ауытқулары бар туысқандары тұратын 24 адамға психологиялық кеңес берілді. Логопед пен невропатолог кеңесін 5 бала алды.
Ата –аналар мен келушілерге балаларға арналған сенсорлық кабинеттің және психикалық аурулары бар балалар үшін ашылған күндізгі стационардың жұмысы таныстырылды.
Индустриялық колледждің 1-ші курсы оқушылары арасында күйзеліс жағдайында өзін ұстау мінез-құлқы бойынша тренинг өткізілді. Барлығы тренингпен 65 оқушы қамтылды.
Қаладағы 5 және аудандардағы 7 бастапқы психикалық денсаулық орталықтарында да «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Осы іс-шара барысында психиатр-нарколог кеңесімен 285 адам, психолог кеңесімен 76 адам қамтылды.
Барлығы «Ашық есік күні» барысында психиатр-нарколог кеңесімен 343 адам, психологиялық кеңеспен 100 адам қамтылды.
Сонымен қатар, Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні аясында 15 –қазанда қалалық емханалар директорлары орынбасарларының және бастапқы психикалық денсаулық орталықтары мамандарының қатысуымен Атырау медициналық колледжі базасында Атырау облысындағы психикалық денсаулық қызметінің дамуы мәселесі бойынша «дөңгелек үстел» өткізіледі.