2022 жылғы 12 сәуірде Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында АИТВ/ЖИТС-тің таралуының алдын алу мәселелері медицина қызметкерлерімен семинар өткізілді.
Семинарда «АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №ҚР ДСМ -211/2020 бұйрығының негізгі талаптары, оған ҚР ДСМ 2022 жылғы 28-қаңтардағы №6 бұйрығымен енгізілген өзгерістер туралы және OraQuick HIV-1/2 жедел тестісімен тексеру жүргізу тәртібі талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дәрігер-эпидемиолог Е.Уайсов баяндады. Ол АИТВ -ға тексерудің жалпы тәртібі, АИТВ-ға клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тексерулер жүргізу, апаттық жағдайлар мен олардың түрлері, апаттық жағдайлардағы жедел шаралар, OraQuick HIV-1/2 тесті және оны жүргізу тәртібі туралы баяндады.
Сонымен қатар, 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы ИЕТА нашақорларын АИТВ -ға тексеру жағдайына талдау жасалды.
Семинарға дәрігерлер, бас және аға мейірбикелер, емханалар мейірбикелері – барлығы 41 адам қатысты.