Есірткіге еліктейтіндер негізінен жасөспірімдер мен жастар.

Жастар психологиясына жүргізілген зертеулер арқылы олардың орта іздейтіндігі, ортасы жоқ жасөспірім жапанда жалғыз қалғандай сезінетіндігі дәлелденген.
Бүгінгі күні баланы қызықтыратын орта аз, қала баласы түнгі клуб, би алаңдарын айналдырса, ауыл баласы көше тоздырып, қыдыруға әуес. Нашақорлар неге көбейіп кетті? Оның себебі , бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінбеуінде. Жасыратыны жоқ, көптеген ата-ана баласымен тек қана материалдық тұрғыда ғана әңгімелесумен шектеледі. Баламен әңгімелесуге, оны не толғандырып жүргенін, оның ортасы қандай, достары кім екенін білуге, жас өспірімнің бос уақытын қайда, қалай, кіммен өткізетіндігін білуге, сырласуға уақыт таппаймыз. Көбінесе ата-ана балаларының нашақорлыққа, есірткі сатушыларға қосылғанын байқамайды да.
Жас кезінде адам қызыққыш келетіндіктен қызық көріп, біреулері есірткі дәмін татып көруден бастап, ал екінші біреулері, біреулердің мәжбүрлеуімен нашақор болып кеткендер бар. Ал жас организм есірткінің дәмін бір рет татқан соң тәуелді болып шыға келеді.
Күннен күнге психоактивтік заттардың зияндығына қарамастан оны қолданатын адамдардың саны артуда. Бұрын жасөспірімдер анаша шегіп, әр түрлі желімдер иіскейтін болса, қазір героин, какоин, синтетикалық есірткілерді қолданады.
Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен айналысқаннан кейін ол адамды бұзақылық жасау, қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді.
Кәдімгі шегетін немесе егетін «дәстүрлі» есірткімен салыстырғанда «синтетиканың» тартқызар зардабы ауыр. Не исі, не дәмі біліне бермейтін синтетикалық заттар ақылдан айырып, ағзаны тіпті ірітіп жібереді.
Бұл «синтетиканың» салдарына психикалық бұзылулар, ішкі ағзалардың патологиялары мен әлеуметтік проблемаларды жатқызуға болады. Оны қолданған кезде адам бірте-бірте апатия мен депрессияға ұшырайды, бұрынғы хоббилерге, оқуға, жұмысқа деген қызығушылығын жоғалтады. Керісінше адамда ұйқысыздық, өз-өзінен дүрбелең туғызу, паранойя, есту галлюцинациясы және делирий, дисфория пайда бола бастайды.
Синтетикалық есірткіні пайдаланғаннан кейін нашақор келесі әсерлерді сезінуі мүмкін: күші тасып, эйфория, белсенділік пен энергияның жоғарылауы пайда болады. Тіпті өзіне деген сенімділік артып, әлдебір супер қабілеттеріне сене бастайды. Бұл әсерлер сөзсіз ұйқысыздық пен күш жоғалтуға әкеп соқтырады. Адам өзі үшін қатты қорқады, әсіресе, өлімге байланысты ой оны шошыта бастайды. Ол ашуланшақ болады, оның санасында әлдебіреулерге деген «қастандық теориясы» пайда болады, оған бүкіл әлем қарсы және айналасындағылардың бәрі қауіпті болып көрінеді.
Синтетикалық есірткінің әсері туралы кез келген дәрігерді сөзге тартсақ та бәрінің айтар ойы бір жерге келіп тоғысады. Ол – «барлық синтетикалық препарат адамның қайғы-қасіретінен пайда табу үшін жасалады» деген ащы тұжырым. «Себебі келесі дозаны қабылдау арқылы олар тән мен жан азабынан уақытша ғана айырылуы мүмкін. Алайда есі мен етін улап алған тажал ішке бір кірген соң әбден жеп тауыспайынша тоқтамайды», дейді нарколог мамандар.
Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымға шығуына қарсы күрес күні бұқаралық қоғамға қазіргі уақытта есірткі мәселесіне баса көңіл аударуға себепші болып отыр.
Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия.
Бүкіләлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес, планетамыздың әрбір тұрғыны қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімі табылмақшы. Сондықтан да, сіз болып, біз болып салауатты өмір салтын қалыптастырайық!
Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы