Дүниежүзілік нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес.

2022 жылғы 21 маусымда, Атырау облысының Полиция департаментінде полиция қызметкерлері үшін, Дүниежүзілік нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне арналған айлық шеңберінде, адамның есірткіге тәуелділігінің дамуы туралы семинар-тренинг өткізілді. Семинарға Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері, МАТО меңгерушісі Страмоусова Светлана Владимировна қатысты. Семинар-тренингте аурудың алғашқы қолданудан бастап есірткіге тәуелділіктің дамуы кезең-кезеңімен түсіндірілді. Сондай-ақ, есірткінің түрлері туралы, нашақорлықтың алдын алу шаралары қаралды.