“Ашық есік күні”

2022 жылдың 23 маусымында Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігерлерінің ұйымдастыруымен нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған айлық аясында Атырау қаласының қалалық емханаларында “Ашық есік күні” өтті. Осы іс-шара барысында емханаларда жастармен психобелсенді заттарды қолданудың зияны туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді. 60 адамға психоактивті заттарды тұтыну және қолданудың салдары туралы кеңес берілді. Келушілерге емдеу және алдын-алу әдістері туралы ұсыныстар берілді.