“Қазіргі уақытта есірткіге тәуелділігі бар адамдарға көмек көрсету мәселелері”

Бүгін, 2022 жылдың 24 маусымында Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының (бұдан әрі-Орталық) ұйымдастыруымен, «Нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне» арналған айлық аясында,
№ 7 Қалалық емханасында АМСК дәрігерлері мен психиатр-наркологтар үшін “Қазіргі уақытта есірткіге тәуелділігі бар адамдарға көмек көрсету мәселелері” тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға қалалық емханалардың, аудандық орталық ауруханалардың АМСК дәрігерлері мен психиатр-наркологтары қатысты.
Семинар жұмысын Орталық директорының наркологиялық қызмет жөніндегі орынбасары Мухлисов Женис Кенесович ашты. Семинар барысында Мониторингтік ақпараттық талдау орталығының меңгерушісі, психиатр-нарколог дәрігер Страмоусова Светлана Владимировна, Атырау облысындағы нашақорлық бойынша эпидемиологиялық жағдайды таныстырды. Психиатр-нарколог дәрігер Каюпов Самғат Кенжегалиевич есірткіні және басқа да психобелсенді заттарды пайдаланатын адамдардың психикалық және физикалық тәуелділігінің дамуының клиникалық белгілері және синтетикалық есірткінің түрлері туралы айтып берді.
Психиатр-нарколог Соломина Наталья Григорьевна, есірткіге тәуелді адамдар үшін опиоид агонистерінің қолдаушы алмастыру терапиясын Атырау қаласында практикалық қолдану бойынша ақпарат ұсынды. Семинар барысында АМСК жалпы практика дәрігерлері мен алғашқы психикалық денсаулық орталықтары дәрігерлерінің бірлескен жұмысы бойынша талқылаулар өтті.