“Шизофрения терапиясының заманауи әдістері”

Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы және Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығында, “Янссен” компаниясының қолдауымен Республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының психиатр-дәрігерлердің қатысуымен “Шизофрения терапиясының заманауи әдістері” тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізілді. Лекторлар – Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының Психиатриялық қызмет жөніндегі орынбасары Дамир Талапович Қожантаев, ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК-ның Ерлер клиникалық бөлімшесінің меңгерушісі Нәби Болатұлы Есімов және Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығының бірінші категориялы дәрігері Амирова Рината Рафаильевна жүргізді.