2022 жылғы 1-ші қарашада Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында медицина қызметкерлерімен тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) клиникасы,

2022 жылғы 1-ші қарашада Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында медицина қызметкерлерімен тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) клиникасы, диагностикасы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ -47 бұйрығымен бекітілген “Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидалары талаптарына сәйкес тұмау және ЖРВИ алдын алу, маусым алды және маусымдық кезеңдерде медициналық ұйымдарда атқарылатын профилактикалық, індетке қарсы шаралар туралы оқыту семинары өткізілді.
Семинарда дәрігер-эпидемиолог Е.Уайсов күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады.