Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы әкімшілігі,2023 жылдың 10 наурызы сағат 10:30 – да ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Лұқпанова Динара Нұрланқызының қатысуымен кәсіпорын қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жалпы ұжым қызметкерлеріменен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Лұқпанова Динара Нұрланқызы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР Заңына соңғы енгізілген өзгерістер және басқа да заң талаптары турасында ауқымды түсінік беріп, кездесу барысында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.