📌Сақтандыру мәртебесін тексеру, қолжетімді медициналық қызметтер мен МӘМС төлемдерін қарау — Damumed қосымшасының жаңа ыңғайлы функциялары

📌Сақтандыру мәртебесін тексеру, қолжетімді медициналық қызметтер мен МӘМС төлемдерін қарау — Damumed қосымшасының жаңа ыңғайлы функциялары
МӘМС пакеті/ТМККК пакеті
Басты экрандағы «МӘМС пакеті/ТМККК пакеті» батырмасын басу арқылы сіз өзіңіздің сақтандыру мәртебеңізге сәйкес қолжетімді медициналық қызметтердің тізімін көре аласыз. Мәртебе санаты үшеу ақ: «Сақтандырылған», «Сақтандырылмаған» және «Диспансерлік есепке алынған». Сіздің санатыңызға байланысты батырманың атауы да өзгереді.
МӘМС төлемдері
Ай сайынғы төлемдердің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты былау көруіңізге болады:
• Қосымшаның басты экранында «Ақпараттық қызметтер» батырмасын басыңыз;
• Ашылған терезеде «МӘМС төлемдері» опциясын таңдаңыз.
Бұл модульдегі ақпарат осы ай және алдыңғы 12 ай үшін берілген. Егер сақтандыру мәртебесі туралы немесе қосымшадағы ақпараттың дұрыстығы туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 1406 сенім телефонына хабарласуды ұсынамыз.
📌Damumed көптеген ақпараттық жүйелермен, соның ішінде МӘСҚ «Saqtandyry» АЖ-мен біріктірілгенін айта кетейік. «МӘМС төлемдері» бөлімінде көріп отырған ақпаратты «Saqtandyry» АЖ әзірлейді.