Жыл сайын 24 наурыз-Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні болып атап өтіледі.
Бұл күні неміс ғалымы Роберт Кох осыдан жүзден астам жыл бұрын осы қауіпті аурудың қоздырғышы-туберкулез микобактериясын ашқаны туралы хабарлаған болатын. Бұл осы ауруды диагностикалау және емдеу саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берген аса маңызды ғылыми жаңалық еді. Туберкулез көбіне тыныс алу органдарын, ең алдымен өкпе мен бронхты зақымдайды, бірақ басқа да органдарды зақымдауы мүмкін, мысалы, сүйектер мен бұлшық еттер. Осы айырмашылықтарына қарай туберкулездің екі негізгі түрі бар: өкпе туберкулезі және өпеден тыс туберкулез.
Өкпе туберкулезі ұзақ уақыт бойы симптомсыз өтуі мүмкін және ол флюорография немесе кеуде жасушасын рентген суретіне түсірген кезде анықталады.
Туберкулездің негізгі белгілері мыналар болып табылады:
- жөтелу және қақырықтың бөлінуі, кейде қанмен;
- ұзақ уақыт бойы 37-37,5 градусқа дейін дене қызуының жоғарылауы;
- тез шаршау және әлсіздіктің пайда болуы;
- тәбеттің болмауы немесе азаюы, салмақтың түсуі;
- көп терлеу, әсіресе түнде;
- денеге физикалық жүк түсірген кезде ентіге бастау.
Жоғарыда көрсетілген белгілердің біреуі немесе бірнешеуі екі-үш апта ішінде сақталған кезде бірден терапевт немесе фтизиатр дәрігерге шұғыл бару керек.
Туберкулезді ерте анықтау және дұрыс емдеу кезінде жұқтырған адамдар бактерия таратуды тоқтатады және толық емделеді.
Халық үшін негізгі қауіп өкпе туберкулезі, өйткені ауруды тарату жолы жеңіл–ауа-тамшылары арқылы. Дені сау адам туберкулезбен ауыратын науқас жөтелген, түшкірген және онымен сөйлескен кезде жұқтыра алады.
Туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыста болған кез келген адам туберкулезбен ауруы мүмкін. Аурумен байланыс неғұрлым тығыз, жақын болған сайын ауруды жұқтыру қаупі жоғары болады. Негізінен, туберкулездің дамуына ағзаның қорғаныш күштерінің (иммунитеттің) төмендеуі әсер етеді: дұрыс тамақтанбау, күйзелісті жағдайлар, АИТВ-инфекциясы осының себебі болуы мүмкін.
Бірақ туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыс жасаған адамдардың барлығы ауырмайды. Ағзаны қорғауға және сол немесе басқа аурулардың пайда болуыны иммунитеттік жүйе жауап береді. Туберкулездің дамуы мен өршуі ағзаның әлсіз иммунитеттік жүйесінің нәтижесі болып табылады.
Туберкулезбен ауырмау үшін салауатты өмір салтын ұстанудың зор ықпал бар:
- Шылым шекпеу – ол тыныс алу жолдарының жергілікті қорғанышын әлсіретеді, ағзаның барлық иммунитетін төмендетеді;
- Ішімдікке салынбау – ол ағзаның жалпы қорғанышын күшін азайтады;
- Құнарлы тамақтану;
- Жиі тексеріліңіз –Қазақстанда туберкулезді ерте анықтау үшін халықты жаппай профилактикалық флюорографиялық тексерулер өткізіледі. Тексерілу тегін;
- Вакциналау – туберкулездің алдын алу үшін маңызды қадам. Балалар туберкулездік инфекцияны қабылдауға бейім және екпе егілмеген балалардың туберкулезбен ауыру ықтималдығы жоғары.
Егер бала Манту сынамасын бағалау нәтижесі бойынша оң болса, аурудың анықтау үшін оны туберкулезге қарсы диспансерде қосымша тексереді және алдын алу мақсатында, ауру дамымау үшін ем тағайындайды. Жұқтырған балаларға профилактикалық ем міндетті түрде жасалады, ол туберкулез таяқшаларының көбейуін тоқтатады және аурудың одан әрі дамуын тоқтады. Шипажай және амбулаториялық түрдегі бейінді балалар мекемелерінде профилактикалық ем жасалады. Жұқтырған балаларда аурудың пайда болу қаупі профилактикалық ем жасаған кезде біршама азаяды. Әсіресе қауіп тобына туберкулезбен ауыратын ата –аналары немесе туыстарымен байланыста болған балалар кіреді.
Қазіргі уақытта туберкулезді емдеудің тиімді әдістер бар. Ауыр антибиотиктер қабылдау керектігіне, олардың жанама әсері болатынынан қорықпаңыз. Қазіргі заманғы жағдайда, әсіресе ауру уақытылы анықталған жағдайда туберкулез жақсы емделеді. Ең бастысы – емді үзбеу, себебі ол туберкулездің ауыр, емге көнбейтін, дәріге тұрақты түрінің пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Науқасқа үйде болуға, яғни амбулаториялық жағдайда емделуге рұқсат берілсе, онда ол дәрілік заттарды уақытында қабылдауды жалғастыруы тиіс. Бұл кезеңде жақын адамдардың қолдауы аса маңызды. Оның үйде болуына жағымсыз көзқарасыңызды көрсетпеңіз. Оның өзіне сырқаттану күйзеліс жағдай болып табылады, әсіресе жақын адамдардың оған деген ашықтан- ашық сақтық қатынастары қосымша психологиялық зақым болады.
Науқасқа осы ауыр кезеңде отбасының барлық мүшелерінің қолдайтынын білдіріңіз, бірақ отбасы мүшелеріне жұқтырмау үшін дәрігердің нұсқаулықтарын қадағалау және қауіпсіздік шараларын қолдану қажет.
Ол үшін:
- оған бөлек бөлме бөліңіз;
- жеке ыдыс-аяқ беріңіз (оны бөлек жуу және қайнату керек);
- науқастың киім-кешектерін бөлек жуыңыз және қайнатыңыз (қайнату және үтіктеу оны зарарсыздандырады);
- науқастың бөлмесін зарарсыздандыру заттарын қолданумен ылғалды жуып-шаю жұмыстарын жиі жүргізу керек (хлор);
- Жөтелген кезде науқас ауызын қол орамалмен немесе бетпердемен жабуы керек;
- Науқастың қақырықты көше немесе жалпы қолдану орындарында емес, бөлінген ыдысқа түкіруі қажет;
- Науқастың балалармен қарым-қатынасын шектеу керек .
Науқаспен байланыс жасаған барлық отбасы мүшелері, сонымен қатар адамдар туберкулезге жиі тексерілулері керек.
Демалу, еңбек ету режимін дұрыс қадағалаған, дәрігердің барлық нұсқаулықтарын орындаған жағдайда науқас аман болады