Острые кишечные инфекции (ОКИ)

“Атырау облысы психикалық денсаулық орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекттік кәсіпорнында 17-ші мамырда кәсіпорынның медицина қызметкерлерімен жіті ішек инфекцияларын диагностикалау және емдеу мәселелері жөнінде семинарлық сабақ өткізілді.  Семинарда кәсіпорынның дәрігер-эпидемиологы, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер Е.Уайсов баяндама жасады. Жіті ішек ауруларын жағдайды анықтау стандартына сәйкес диагностикалау, оларды бастапқы емдеу шаралары-ұйымдастыру-режимдік шаралар, диеталық емдеу, регидратация , дәрілік емдеу тәсілдері талқыланды. Семинарға дәрігерлер және орта буын медицина қызметкерлері қатынасты. Семинар соңында мамандардың сұрақтарына жауаптар берілді.