Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында «Медицина қызметкері күні» кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Шара барысында денсаулық сақтау саласында үздік еңбек етіп жүрген бір топ медицина қызметкерлері марапатталды. Психиатрия саласының үздік маманы Е. Балымқұлов Қазақ Ұлттық медициналық ассоциясының «Алтын дәрігер» медалінің иегері атанды. Кәсіподақ ұйымының төрайымы С.В.Страмоусова медицина қызметкерлері арасында өткен облыстық спартакиадаға қатысушыларға ақшалай сыйақы табыстады. Шара соңында мерекелік концерт қойылды.
Әріптестерімізді тағы да төл мерекелерімен құттықтаймыз.