Сыбайлас жемқорлық және оның алдын – алу шаралары

18.06.2018ж.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК – да, «Сыбайлас жемқорлық және оның алдын – алу шаралары» атты тақырыпта, ҚР Мемлекет қызметтері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы басқармасының бас маманы С.С.Бағытжановтың қатысуымен кездесу кеші өткізілді. Кездесу шарасына Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының барлық ұжым мүшелері қатысып, қажетті мәліметтер мен ақпараттар берілді.