«Нашақорлық және есірткі саудасына қарсы халықаралық күрес күніне орай, арнайы айлық»

26 маусым «Нашақорлық және есірткі саудасына қарсы халықаралық күрес күніне орай, арнайы айлық» өткізу жөніндегі Атырау облысы бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 23 маусымда «Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК мен Атырау облысы полиция департаменті қызметкерлерімен, облыстық білім басқармасымен, Атырау облысы бойынша сот сараптамалары институты қызметкерлермен бірлескен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге қатысқандар: ҚПБ ЖПҚБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Кабесов Ерлан Шеркешбаевич, Атырау облысы бойынша сот сараптамалары институты аға сарапшы Карагойшиева Мулдир Изгилковна, Атырау облысы білім беру басқармасынан маман Қошқарбаева С. және полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ермуханов Роман Жумажанович, облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігерлері қатысты.
Жиынды кәсіпорын директоры Е.Е.Қыдырсиқов ашып, Атырау облысында нашақорлықтың алдын-алу, туындайтын проблемалық мәселелрмен мен ұсыныстар, қойылған сұрақтар талқыланып және түсініктемелер берілді.
Дөңгелек үстелдің соңында Департамент полиция қызметкерлері Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігерлерін Алғыс хатпен марапатады.