2023 жылдың 26 маусым күні Халел Досмұхамедов атындағы университетінде «Respublika» партиясының Атырау облыстық филиалы Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжіліс депутаты Руслан Берденовтің, партияның тең төрағасы Сырымбек Таудың және бірқатар мемлекеттік органдар басшылары мен қоғамдық ұйымдар жетекшілері және Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Е.Е.Қыдырсиқов, психолог маманы Ш.Х.Наушабаеваның қатысуымен «Ойынқұмарлық – қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының басшысы Е.Е.Қыдырсиқов «Лудоманияның психикаға әсері» тақырыбында баяндама жасады. Қоғамды өзекті өртеп жүрген ойынқұмарлық мәселесі көтеріліп, көптеген сұрақтар талқыланып және оған жауап берілді.