«26 маусым халықаралық Есірткі құралдарын пайдалануға және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес күніне»

2023 жылғы 1 шілдеде «26 маусым халықаралық Есірткі құралдарын пайдалануға және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес күніне» орай, Атырау әскери гарнизонының бөлімінде, Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог – дәрігері В.И.Семионичевамен Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры М.К. Жангалиеваның қатысуымен, 41321 әскери бөлімінің жеке құрамына нашақорлықтың ауыртпашылықтарын, заң алдындағы жауапкершілігін түсіндіру және алдын-алу мақсатында профилактикалық іс – шара өткізілді. Іс-шараға 60 қызметкер қатысты.